Мектеп қабырғасынан-ақ жаңалыққа ұмтылып, физика мен информатиканың құпияларына ден қоятын оқушылар қазіргі заманның нағыз керекті кадрлары болады. Себебі, дөңгеленген дүниенің миы да, көзі де, құлағы да осы сала болып тұр.

Мұны түсінетіндер де, түсінуге ыңғай танытпайтындар да түптеп келгенде, физика ілімінің жетістіктерін қалт жібермей пайдаланады. Бүгінгі информатика, ғаламтор, ұялы телефон мәселелерінің бәрі адам баласының күнделікті тұрмыстық тіршілігінің ажырамас бөлшегіне айналды. Уақыт өткен сайын қай салада болсын техника жетіле түсіп, соны жаңалықтар естен тандырарлық жылдамдықпен енгізіліп жатыр. Бірақ соның басым көпшілігі Америка, Жапония, Оңтүстік Корея, Германия, Франция сияқты өркендеген бірқатар елдердің үлесіне тиеді де, басқалар «алма піс, аузыма түс» деген принциппен өмір сүретін сияқты көрінеді. Бұған келіспегенімізбен, ақиқаты осы.

Тараз қаласындағы Дарынды балаларға арналған мектептің 11-сынып оқушысы Бауыржан Әубәкір әбден қалыптасқан осындай ұғымды бұзып, қазақстандық электрониканы өркендетуді армандайды. Оның айтуынша, барлық ұлттардың миы да, ойлау қабілеті де деңгейлес. Тек бір ұлттар өркениет жолына ертерек түсті, енді бір ұлттар сол бағытта енді дамып келеді, біреулер кенжелеп қалды. Егер бәріне бірдей жағдай жасалса, қай халықтың да өз Эйнштейні мен Паскальдары шығар еді.

Бауыржанның информатикаға құмарлығы бүгінгі заманғы технологиялық жетістіктерді көзбен көріп, құлақпен естіп жүріп пайда болды. Дарынды балаларға арналған мектепте информатика пәніне ерекше көңіл бөледі. Бұдан үш жыл бұрын баланың бойындағы қызығушылықты байқаған ұстазы мобильді құрылғыларды қазақ тіліне аударуға болатынын айтып, Бауыржанды осы іспен айналысуға бағыттаған. Ұстаз қателеспепті. 11-сыныпқа дейін бала өзі айналысатын шаруаның бүге-шігесін әбден меңгеріп алды. Сөйтіп, ұялы телефонды қазақшалауға ден қойды. Оқулықтан тыс қаншама информатикаға қатысты кітаптар оқып, білімін жетілдірді. Қазіргі заманғы байланыс желісінің жұмыс істеу принциптеріне үңілді. Сосын біртіндеп, ұстазының кеңесімен өз жобасын мұқият қолға алды. Сөйтіп, нақты нәтижеге қол жетті.

– Әр адамның өз ұялы телефонын қазақшалап алуына толық мүмкіндігі бар. Ол үшін мен жасаған жобаны пайдалануына болады. Бұған бар-жоғы 20 минут уақыт кетеді, – дейді Бауыржан.

– Осы жұмысың республикалық олимпиадада бас жүлдеге ие болыпты ғой?

– Иә, Астанада өткен республикалық ғылыми жарыста жүлдеге ие болған тараздық 11 оқушының бірі менмін.

– Бұл жаңа идеяларға әсерін тигізетін шығар?

– Әрине, өз әсерін тигізеді ғой. Алдымен осы жобаны дамытып, халықаралық жарыстарға қатыссам деймін. Содан кейін болашақта басқадай жобалар жасағым келеді.

Бауыржан келешегіне сенімді. Информатиканың қыр-сырына үңіле отырып, осы салада тәжірибесін молайта түспек. Ғылым жолындағы тырнақалды туындысы оны жаңа бағыттарға шақырады.

– Биыл мектеп бітіресің. Қандай оқу орнына түскің келеді? – деп сұрадық біз одан.

– Республикалық жарыс қорытындысы бойынша мен Қазақстанның кез келген оқу орнында тегін білім алу құқына ие болғам. Өкінішке қарай, ол мен ойлаған, Астанадағы жаңадан ашылатын халықаралық университетке жүрмейді екен. Не болса да соған бақ сынап көремін деп дайындалып жүрмін. Ағылшын тілін білемін.

– «Nokia» компаниясы сенің жұмысыңа қызығушылық танытып, шақырып отыр деген әңгіме рас па?

– Компанияның назары түскен көрінеді. Осындағы өкілдігі келіп, телефонды сыйға тартты.

– Мына табысың болашақтағы ізденістеріңе серпін беруі мүмкін ғой?

– Әбден мүмкін. Бұл информатикаға деген қызығушылығымды бұрынғыдан да арттыра түсті деп ойлаймын. Менің білуімше бұрын қазақша смартфондар болған емес. Соның ішіндегі жүйелік файлдарды түгел қазақ тіліне аударуға тура келді. Қазір біз ұялы телефон арқылы электронды поштамен қазақша хабар жібере аламыз, СМС хаттар да қазақ тілінде кетеді. Болашақта электрониканың бар тілін қазақша сөйлетсе жаман ба?

Бауыржан дарындылар мектебінде орыс сыныбында оқиды. Бірақ қазақшаға келгенде еш тосырқамайды. Мұнысы ұялы телефонды қазақ тілінде сайратқан кезде үлкен пайдасын тигізді., , Технология, Ұялы телефонды қазақша сөйлеткен ұл, Дать объявление бесплатно в Казахстане" />

Ұялы телефонды қазақша сөйлеткен ұл
16.02.2015
Технология
751
0
0.0
admin

Бауыржан дарындылар мектебінде орыс сыныбында оқиды. Бірақ қазақшаға келгенде еш тосырқамайды. Мұнысы ұялы телефонды қазақ тілінде сайратқан кезде үлкен пайдасын тигізді.
Комментарии
avatar