Ресейдің жетекші дизайн-студияларының бірі Артемий Лебедевтің Мәскеу метрополитеніне жасаған логотипі удай қымбат деп танылып отыр.

Жоғарыдағы логотип және қосымша дизайнерлік шешімдер барлығы 232 млн рубльге бағаланған екен. Бұл орыс Думасының депутаты Михаил Сердюк тарапынан орыс Бас прокуратурасына шағымдануға итермелепті.

- 232 млн рубльге тұтастай институт ашып, жаңадан тіл ойлап табуға болады — дейді депутат. Оның ойынша, бұрынғы «М» әрпінен қоршауын алып тастағаны үшін соншама ақы төлеу — сорақылық.

Мәскеу мэриясында болса, 232 млн рубль ақша жалғыз логтип үшін емес, метрополитеннің жалпы имиджін жақсарту үшін төленді деп отыр.

Айта кетейік, Артемий Лебедевтің студиясына қазақстандық ірі компаниялар да тапсырыс беріп жүр. Олар қазақстандық компаниялар үшін айдентика, логотиптер және сайт интерфейстерін, жарнамалық постерлер жасағаны белгілі., , Технология, Логотип өте қымбат деп танылды, Дать объявление бесплатно в Казахстане" />

Логотип өте қымбат деп танылды
16.02.2015
Технология
642
0
0.0
admin
Ресейдің жетекші дизайн-студияларының бірі Артемий Лебедевтің Мәскеу метрополитеніне жасаған логотипі удай қымбат деп танылып отыр.

Жоғарыдағы логотип және қосымша дизайнерлік шешімдер барлығы 232 млн рубльге бағаланған екен. Бұл орыс Думасының депутаты Михаил Сердюк тарапынан орыс Бас прокуратурасына шағымдануға итермелепті.

- 232 млн рубльге тұтастай институт ашып, жаңадан тіл ойлап табуға болады — дейді депутат. Оның ойынша, бұрынғы «М» әрпінен қоршауын алып тастағаны үшін соншама ақы төлеу — сорақылық.

Мәскеу мэриясында болса, 232 млн рубль ақша жалғыз логтип үшін емес, метрополитеннің жалпы имиджін жақсарту үшін төленді деп отыр.

Айта кетейік, Артемий Лебедевтің студиясына қазақстандық ірі компаниялар да тапсырыс беріп жүр. Олар қазақстандық компаниялар үшін айдентика, логотиптер және сайт интерфейстерін, жарнамалық постерлер жасағаны белгілі.
Комментарии
avatar