«Мен кімге керекпін деп…». Электронды поштасы бұзылғандардың тоқсан пайызының айтатыны осы. Бәлкім сіз шынымен ешкімге керек емес шығарсыз, бірақ — бұзылған поштаңыздағы жұмыс бабымен жазылған хаттарды қайтеміз? Поштаңызды бұзып алған адам ондағы мәліметтерді жария қылса не істейсің? Ендеше N1 ереже: ешқашан да кімге керекпін деп айта көрмеңіз.

Сіз білесіз бе, осыдан 12-15 жыл бұрын электронды пошта ашу … ақылы болған! Мысалы Nursat деген операторға пошта үшін айына 10 доллар төлеп тұратынбыз. Ақысыздары да болды әрине, бірақ қазіргідей емес. 5-15 мегабайт орын — тойдың фотосын алмасуға да жетпейтін. Қазір тегін ғой! Ендеше, бірнеше пошта ашып алуға тек еріншектігіңіз кедергі болатын сияқты. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, о баста бір принциптер жасап алмаса, кейін шатасып кетуіңіз әбден мүмкін. Біз келесідей принциптер ұсынамыз:

1. Сенің поштаң. Бұл саған хат жібергісі келетіндерге арналған пошта. Тіпті бар ғой, бұл пошта — сен! Бұған MyMail деген директива қоялық, әңгіме барысында керек болады.

2. Қызметтік пошта. Мінеки, маңыздылардың маңыздысы!

a) Алдымен, жұмыс орны пошта бере ме, соны біліп алыңыз. Айталық, сүт зауытына жұмысқа орналассаңыз, manager@sut.kz түріндегі пошта беретін шығар? Онда мойныңыздан жүк түседі, себебі қауіпсіздікке сисадмин жауап береді. Бірақ өмір шындығы сол — көп мекемелерде ондай корпоративтік пошта атымен жоқ. Несін жасырамыз — mail.ru әлі де ұлттық көлемдегі пошта болып қалып отыр. Сіз де елден ерек болмай-ақ, әріптестеріңіздің еті үйреніп кеткен серверден пошта ашып алыңыз. Тәжірибе көрсеткендей, «поштам азамат собачка джимейл ком» десеңіз де, көпшілік автоматизм деңгейінде «азамат собачка майл ру» деп жібере береді. Сіздің мақсатыңыз — ағарту, сауат ашу болмағандықтан, барған жеріңізде жұрт үйренген серверден пошта аша салыңыз.

b) Сөз саптаған кескінімді кешірерсіз, бірақ — қауіпсздікпен тек Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті айналыссын деген заң жоқ. Ең болмаса бес минутқа ашқан поштаңыздың «Қауіпсіздік» бөліміне барыңызшы! Еш жеріңіз ауырмайды, түк қиналмайсыз! Тек сондағы бірер баптауларды ретке келтіріп қойсаңыз болғаны. Мысалы, Mail.Ru серверіндегі поштаны баптасақ: , , Технология, Жігітке жеті пошта да аз, Дать объявление бесплатно в Казахстане" />

Жігітке жеті пошта да аз
16.02.2015
Технология
1026
0
0.0
admin
«Мен кімге керекпін деп…». Электронды поштасы бұзылғандардың тоқсан пайызының айтатыны осы. Бәлкім сіз шынымен ешкімге керек емес шығарсыз, бірақ — бұзылған поштаңыздағы жұмыс бабымен жазылған хаттарды қайтеміз? Поштаңызды бұзып алған адам ондағы мәліметтерді жария қылса не істейсің? Ендеше N1 ереже: ешқашан да кімге керекпін деп айта көрмеңіз.

Сіз білесіз бе, осыдан 12-15 жыл бұрын электронды пошта ашу … ақылы болған! Мысалы Nursat деген операторға пошта үшін айына 10 доллар төлеп тұратынбыз. Ақысыздары да болды әрине, бірақ қазіргідей емес. 5-15 мегабайт орын — тойдың фотосын алмасуға да жетпейтін. Қазір тегін ғой! Ендеше, бірнеше пошта ашып алуға тек еріншектігіңіз кедергі болатын сияқты. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, о баста бір принциптер жасап алмаса, кейін шатасып кетуіңіз әбден мүмкін. Біз келесідей принциптер ұсынамыз:

1. Сенің поштаң. Бұл саған хат жібергісі келетіндерге арналған пошта. Тіпті бар ғой, бұл пошта — сен! Бұған MyMail деген директива қоялық, әңгіме барысында керек болады.

2. Қызметтік пошта. Мінеки, маңыздылардың маңыздысы!

a) Алдымен, жұмыс орны пошта бере ме, соны біліп алыңыз. Айталық, сүт зауытына жұмысқа орналассаңыз, manager@sut.kz түріндегі пошта беретін шығар? Онда мойныңыздан жүк түседі, себебі қауіпсіздікке сисадмин жауап береді. Бірақ өмір шындығы сол — көп мекемелерде ондай корпоративтік пошта атымен жоқ. Несін жасырамыз — mail.ru әлі де ұлттық көлемдегі пошта болып қалып отыр. Сіз де елден ерек болмай-ақ, әріптестеріңіздің еті үйреніп кеткен серверден пошта ашып алыңыз. Тәжірибе көрсеткендей, «поштам азамат собачка джимейл ком» десеңіз де, көпшілік автоматизм деңгейінде «азамат собачка майл ру» деп жібере береді. Сіздің мақсатыңыз — ағарту, сауат ашу болмағандықтан, барған жеріңізде жұрт үйренген серверден пошта аша салыңыз.

b) Сөз саптаған кескінімді кешірерсіз, бірақ — қауіпсздікпен тек Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті айналыссын деген заң жоқ. Ең болмаса бес минутқа ашқан поштаңыздың «Қауіпсіздік» бөліміне барыңызшы! Еш жеріңіз ауырмайды, түк қиналмайсыз! Тек сондағы бірер баптауларды ретке келтіріп қойсаңыз болғаны. Мысалы, Mail.Ru серверіндегі поштаны баптасақ:
Комментарии
avatar