Ғұндар
21.09.2018 1441 0.0 0

Ғұндар — көшпелі халық. Ғұндар тәңіршілдік дінді ұстанып, түркі жазуын пайдаланған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Шығыста Мөде «шығыс қу» тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен алғанда, Керулен және Онон алқаптарында мекендеген сәнби және ұқуан тайпалары кірген. Мөде батыста юеди (юечжи) тайпаларына қарсы жорықтар жасаған. Бұл кезде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұн шаңюйлерінің қол астына түскен, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына біріккен тайпалар Байкөлден арғы оңтүстік аудандарға дейінгі аумақты алып жатты. Деректемелерде ғұндардың Саян-Алтай тайпаларына жасаған жорықтары туралы да айтылады. Шежіреші б.з.б. 201 жылы сүннулердің солтүстікке және солтүстік-батысқа қарай жорығын жалғастырып, Қуңюй, Түсүйше, Динлин, Гекүң және Сіңлі елдерін бағындырғанын хабарлайды. Мәтінде берілген түсініктемеде әлгі айтылған бес елдің сүннулердің солтүстік жағында жатқаны айтылады, ол батысында Кем (Енисей) өзенінен Іле алқабына дейін созылып жатса керек. Б.з.б. 201 жылғы жорық кезінде ғұндар Алтай тайпаларын түгелдей дерлік бағындырған, бірақ олар бұл аумақты толық қол астына каратқан жоқ. Қалай дегенмен де, сол кезде осылай болғанын жазбаша деректемелер де, археологиялык материалдар да көрсете алмады.

Одан кейінгі онжылдықтарда ғұн тайпаларының күшеюіне қоса олар батыста да қызу кимыл көрсете бастайды. Б.з.б. 177 жылы Мөде көршілеріне қарсы өз бетімен қимыл жасады деген сылтаумен өзінің батыстағы түктерін (кінәздерін) юедилерге қарсы жорыққа аттандырады. Ғұндардың атты әскерлері Жаңие-Гәңжоу ауданы маңында юедилерді жеңіліске ұшыратып, сонымен бірге ғұндардың қалыптасып жатқан бірлестігінің шет аймағындағы бірнеше үлесті бағындырған. Келесі жылғы жазда бұл жөнінде шаңюй былай деген: «Аспанның рақымымен жауынгерлер аман, ал аттар мықты шықты: олар юедилерді жойып, жуасытты; семсердің ұшына іліп немесе бағындырып, (өз билігін) ныгайтты. Лоулаң, Ұсын, Құтзе және оларға шектес 36 үлес (кінәздік) сүннулерге қаратылды. Олардың бәрі сюүннулердің әскеріне кіріп, бір әулетке айналды».

Бұл құжат өте маңызды, бірақ сын көзбен қарауды талап етеді. «Отыз алты мемлекет» деп қазіргі Шығыс Түркістан аумағына орналаскан кінәздіктер, яғни жалпы алғанда батыстағы Каспий теңізінің жағалауына дейінгі бүкіл жер айтылған. «Тарихи жазбалардың» (Шитізи) авторы Сыма Тысаң юедилердің «толық» талқандалғаны туралы хабарды құп алып, бұл орайда б.з.б. 177 жылы қытайларға юедилердің (юечжилердің) Сары өзеннің солтүстік ойпатынан батысырақта мекендеген бір бөлігінің ғана белгілі болғанын ескермеген. Қытай деректемелерінде юеди деп аталған көшпелі тайпалар Грек-Бақтрияны талқандаганнан кейін олар туралы мәліметтер өзінен-өзі бүкіл Орта Азияға да тарала бастайды.

Сірә, б.з.б. 177 жылы сүнну-гұндардың Тынық мүхиттан Каспий теңізінің жағалауына дейінгі барлық елдерді бір кінәздің атты әскері күшімен бағындыруын шындыққа жанаспайды деп санау керек. Дегенмен де, шығыстағы юедилердің бағындырылғанына күмән жоқ, нақ сол сияқты Лаулаң, Ұсын және Қутізе бірлестіктерінің юедилерге тәуелді болғаны туралы хабар да рас. Бұл этникалық-саяси атаулардың жағырапиялық орны онша айқын емес. Қазіргі қартаға Лобнор ауданындагы Лаулаң (Крораина) кінәздігі ғана азды-көпті сәйкес келеді. Қытай жазбаларындағы басқа деректердің есімен теңестірілген Қутізе жерінің немесе тайпасының этнонимі жергілікті Айғыр атауынан шығуы мүмкін. Ол Ұсын және Тізәң- күң елдерінің арасында, яғни шамамен Оңтүстік Алтайда болған. Геродоттың аргиппейлер тайпасы осы маңайда орналасқан деп саналады. И. X. Дворещсийдің пікірінше, аргиппейлер деген сөз ертедегі гректерше «арғымақ», «тұлпар» дегенді білдірді, демек нақ сол ұғымға жақын әлдебір жергілікті атаудың аудармасы болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, ертедегі қытай тілінің жоғарыда аталған транскрипцияларын түркілердің «арғымақ» немесе «айғыр» деген сөздерімен салыстыру дұрыс сияқты.[1] Ғұндар бірлестігіне шыкқан тегі әр түрлі тайпалар немесе этникалық- саяси құрылымдар кірген. Конфедерацияның қоғамдық өміріне бір орталықка бағынғысы келмейтін куатты күштер, кең-байтақ жердің әр түрлі аудандары арасында берік саяси және экономикалық байланыстардың болмауы зор ықпал жасады. Алғашқы кезде біршама бірлік ғұн коғамындағы фратрияаралық ұйымның ерекше түрі болуы арқылы орнаған.

Сүнну-ғұн тарихынан әулеттік бірлестіктің үш, ал кейін төрт экзогамиялық билеуші рулардан (фратриялардан) тұрғаны мәлім. Деректемеде былай делінген: «Құйаң руы, Лаң руы, олардан кейін Сүйбу руы пайда болды; оларда ең атақты тармақтар да нақ осы үш әулет»11. Бұл орайда сол қанатты құрайтын Құйаң руы ең атақтысы болған, ал Лаң және оған еншілес Сүйбу он қанат болған. Бір қызығы, шаңюйлік Луаңти руы атақты ру деп аталмаған. Ал Құйаң мен Лаң шаңюймен құдандалы туыс болған. Біздің заманымызға жақындағанда құдандалы туыстық біраз өзгерген. Оңтүстік сүннулерде шаңюй руы Сүй-Ляң-ти деп атала бастады, басқа ақсүйектер әулетінен Құйаң, Сүйбу, Тсүлиң және Лаң аталған. «Осы төрт әулет олардың елінде атақты рулар болған және әдетте шаңюймен құдандалы туыс еді». Онда бұдан әрі былай делінген: «Құйаң руы сол (яғни шығыс және үлкен) қанат, ал Лаң және Сүйбу рулары оң (яғни батыс және кіші) қанат болған». Тағы екі ғасырдан кейін олардың патшалық руы алмасқан және өз атауын өзгерткен. Тізіп келтірілген ең атақтысы енді Дүге (Тұғлақ) руы болып шығады, ол «ең батыр және ұлығы болған, сондықтан шаңюйлер солардан шыққан. Олардың атақты төрт руы Құйаң руы, Сүйбу руы, Лаң руы, Тсәо (Тсүлиң) руы болған, бірақ ең атақтысы — Құйаң руы, одан канцлерлер, сол және оң қанаттағы житшүлер шықкан». Уақыт өте келе шаңүй руының белгісіз рудан «ең ержүрек» болуы негізінде «ең ұлық» руға айналған эволюциясы ерекше көрінеді. Тегінде, мұнда белгілі бір кезеңде сол кезде-ақ болған ер адам жағынан мұраға қалатын қағидатты көрсеткен еркек (патриархаттық) тегінің іс жүзінде үстемдік етуімен дуалдық ұйым қалыптасқан болса керек.

Б.з.б. I ғасырдың орта шенінде-ақ сүнну қоғамы өзінің вассалдық иеліктерінен айырылумен бірге «байырғы» құрамында екі топқа — Қуқаңиешаңүй бастаған оңтүстік және Чжичжи басшылық еткен солтүстік топтарға бөлінді. Оңтүстік сүннулер Ордос аумағында мекендеп қалды да, солтүстік сүннулер өз тайпаластарының қысымымен Саян мен Байкөл өңіріне ыгысып, солтүстік пен батысқа қарай қоныс аударған.

Б.з.б. 49 жылы Чжичжи көрші кінәздікке дипломатиялық сапарға кеткен Қуқаңиенің аз уақыт болмауын пайдаланып, оның жерін басып алып, сол арқылы конфедерацияның бірлігін қайта орнатуға әрекет жасайды. Алайда оның күші оған жетпеген. Шежірешінің айтқанындай, «Чжичжидің өзі сүннуде күшпен нығая алмайтынын білді». Ол үйсін гүңмосы Үтізутудан көмек сұрағанеді, бірақ соңғысы оның елшісінің басын алып, Чжичжиге шабуыл жасауға 8000 атты әскер жібереді. Чжичжидің атты әскері үйсіндердің жасағын талқандайды, ал одақтассыз қалған Чжичжи оңтүстік ғұндардың жерінен кетуге мәжбүр болады. Одан әрі деректемеде бұл және одан кейінгі оқиғалар былайша суреттеледі: «Чжичжи үйсін әскерінің көп екенін, өз елшісінің әлі оралмағанын көріп, өз әскерін орналастырды да, үйсіндерге лап қойып, оларды тас-талқан етті; солтүстікке бет бұрып, Үтізеге соққы беріп, бағындырады. Чжичжи өз әскерінің көмегімен батыстағы Тізәңкүңді қиратып, солтүстікте Данлинді бағындырады. Үш кінәздікті бағындырған соң ол бірнеше рет үйсінге әскер жіберіп, әдетте оны жеңіп жүрді.

----------


Комментарии
avatar