Қола дәуірі
21.09.2018 839 4.0 0

Неолит дәуірінің өзінде-ақ байқалған шаруашылықтағы өзгерістер б.з.б. 2-ші мыңжылдықта малшылық-егіншілік экономикасының және жоғары дамыған металлургиясының қалыптасуына жеткізді. Өндіруші экономикаға көшу Қазақстан жеріндегі жағдайды түбегейлі өзгертті. Мал өсіруші тайпалар көлемді және қуатты бірлестіктер құрды; бұл бірлестіктердің құрылуына соғыс қақтығыстары да елеулі ықпал жасады. Қару-жарық жабайы аңдарды аулағанда ғана емес, сонымен бірге тайпа аралық қақтығыстарда да барған сайын жиі қолданылады. Қару-жарақ жасау біртіндеп металл өндірудің дербес саласына айналды. Андронов мәдениетіндей ескерткіштерді қалдырған даланы жайлаған малшы-егінші тайпалардың мәдениетінің орасан зор ортақтығы, біртұтастығы археологиялық материалдардан мәлім болып отыр. Кең байтақ жерге тараған бұл тайпалар, кейбір жергілікті өзгешеліктеріне қарамастан, неолит дәуіріні мәдениетінің ала-құлалығы орнына келген айқын мәдени біркелкілікті көрсетеді.




Комментарии
avatar