Тарихтан ҰБТ - ға дайындық
12.09.2018 1129 0.0 0

Қазақстан тарихының аса күрделі, қайшылығы мол тұстарын оқушылардың дұрыс түсінуіне көмектесу. Елін, жерін сүюі үшін ең алдымен оның тарихын жақсы білу міндет. Бұл жинақта оқушылардың танымдылық қабілетін арттыратын өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар, білім деңгейін көтеретін мәліметтер бар.

Ұсынылып отырған жинақта ежелгі Қазақстан тарихынан басталып қазіргі заман тарихының маңызды, бетбұрыс кезеңдерін сипаттайды, өзекті оқиғаларға баға беріп, олардың себеп - салдарлық байланысын ашып көрсетеді. Ал сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар оқу материалын қаншалықты меңгергенін анықтай алады. Жинақта тарихи оқиғалар мен оның мазмұнына баға беруге негізделген сұрақтар кеңінен қарастырылды. Оқушылардың білімін жетілдіруде хронологиялық мәліметтер мен ұғымдар қарастырылған. Солар арқылы оқушылар белгілі бір тарихи үрдісті, құбылысты көз алдарына елестетіп, жадыларында сақтайды. Мұндай материалдар оқушылардың құрылымдылық – жүйелік, логикалық ойлау қабілетін арттыруға көмегін тигізеді.

Оқушы тақырыпты оқи отырып, тестік сұрақ бойынша жауап беруге дағдыланады. Бұл әдіс оқушының есте сақтау қабілетін ұйымдастыруға, ҰБТ - ға дайындалуға көмектеседі. Қазақстан тарихы пәніне қызығушылығы бар оқушылардың шығармашылық дамуына, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыру. Тарихи процестер мен құбылыстардың өздеріне тән белгілері мен сипаттарын анықтап, оларды топтастыра білуі, жеке тарихи құбылыстардың себебін, мақсатын, барысын, нәтижесін түсіне білуге тәрбиелеу.

11 сынып көлемінде мектеп бағдарламасын меңгеріп қана қоймай, өз білімдерін қорыта білуге үйрету. Ол үшін оқушылардың тест, олимпиада тапсырмаларымен жұмыс істей алатын білім жүйесін, икемдігін және дағдысын қалыптастыру. Сұрақтарға нақты жүйелі түрде жазбаша жауап бере білуге және қорытынды жасай білуі қажет. Қазақстанның тас дәуірінен бастап, қазіргі кезеңге дейінгі тарихын жүйелі түрде меңгеру. Алдымен тестке дайындалу үшін өтілетін материалдың мазмұнына қарай бірнеше түрге бөліп алу қажет. Сол арқылы жүйелі түрде дайындалуға болады. 

Мысалға тесттерді мынадай түрлерге бөлеміз.
І Тарауда тест түрлерімен, хронологиялық тест, салыстырмалы тест, жабық тест, жартылай ашық тест, ашық тест, кесте тест. Жай сандар, пайыздар, датамен жұмыс, есімдер, тіл жазу, қалалар т. б. Осылар арқылы жеке - жеке жұмыс жасап, балаларды тест орындауға үйретеміз. Нәтижесінде бала соған дағдыланады. Екінші жағдай баланың ынтасын арттыру үшін, рейтинг жүргізу. Ол үшін әр баланың жеке дәптері болуы шарт. Сол дәптерге әрбір өткізілген тестің қорытындысын түсіріп, баланың шамасын, деңгейін анықтау.

ІІ Тарауда тесттің формалары арқылы дайындау, оқушылардың өздігінен дайындалуға бағыт беру.

ІІІ Тарауда әр қазақ баласының өз ата тегі, бабалары, жеті атасын білуі, өткен тарихын зерделеп, болашақ ұрпаққа аманат ретінде қалдыруы мақсатында оқырманға ой салу, ізденуге бағдар беру, өз ойын жүйелеуге жетелеу. Осыған қарап әр адамның өз ата тегі жөнінде білімін толықтыру.

Тест түрлері
Хроналогиялық тест
Дата --------------------------Негізгі оқиғалар
V ғасырда ------------------ қарлұқтар деген атпен белгілі – Болат.
б. з. б. VII - VI ғасыр ----- шыққан өнер Аң стилі
Б. з. б ІV ғ – б. з ІІІ ғ. ------ Ғұн державасының негізін қалаған.
453 жыл --------------------- Еділ қайтыс болған жыл.
XIX ғ. I ж --------------------- "Кiшi жүз картасын" жасады. В. Вольховский
756 - 940ж ------------------ Қарлұқ қағанаты
942ж -------------------------- Сатұқ Боғра хан

1729 - 1730 жылдары ------- Аңырақай шайқасы
1757 - 1758ж ------------------ Жоңғар хандығының құлауы
1801 жылы --------------------- Бөкей Ордасы құрылды
1832 ж --------------------------- Ақмола округінің құрылуы.
1879ж --------------------------- Орынборда мұғалімдік институттың ашылуы.
1913 - 1917ж ----------------- «Қазақ» газетінің шыққан жылдары.
1942ж --------------------------- 1 қыркүйек Атырау қорғаныс комитеті құрылды
1989ж --------------------------- ақпан Ауғанстаннан кеңес әскерлерін әкету аяқталды
1993ж ---------- 5 қараша Президенттің «Болашақ» атты 250 халықаралық стипендиясы белгіленді
1747 жылы -------------------- Хиуа тағына сайланған Қайып хан
1829ж -------------------------- Махамбеттің түрмеде отырған жылы

Салыстырмалы тест
Қағанат, мемлекет ---------- өмір сүрген уақыты.
Қарақытайлар ---------------- 1125 - 1212жж. Жетісу.
Қарахан мемлекеті --------- 942 - 1212жж.
Қимақ қағанаты -------------- ҮІІ – ХІ ғ.
Түркеш қағанаты ------------- 704 - 756 жылдар
Оғыз мемлекеті -------------- IХ ғ. аяғы – ХI ғ. Басы
Ақ Ода хандығы -------------- 1227 - 1428ж
Қыпшақ мемлекеті ---------- 11ғ - 1219ж
Ежелгі Түрік қағанаты ------- 552 - 603ж
Қазақ хандығы --------------- 1465 - 66ж
Моғолстан --------------------- XIV ғасырдың ортасы – XVI ғ. басы
Найман ------------------------- VIIғ. Орхон өзені мен Алтай тауының аралығында өмір сүрген
Әбілқайыр хандығы -------- Ақ орданың орнына келген хандық
Ақ Орда ------------------------- XIIIғ. – XV ғ. басында Шығыс Дешті қыпшақта өмір сүрген мемлекет
Керей, Жәнібек --------------- Қазақ хандығының негізін қалағандар

----------


Комментарии
avatar