Дүние жүзі тарихы пәнінен ҰБТ сұрақтары, жауаптарымен
12.09.2018 1012 0.0 0

1) Туыстық қауымдастықты алмастырған: КӨРШІЛІК ҚАУЫМ.

2) Еңбек құралдарын жасау, заттарды өңдеу әдістерінің ерекшелігіне қарай археологтар бөлген адамзат қауымдағы дәуірлер: ТАС, ҚОЛА, ТЕМІР.

3) Жер шары халықтарының үш нәсілге бөліну негіздері(монголоид, негроид, европеоид.): СЫРТҚЫ ТҮР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

4) Адамдардың шығу тегі туралы ғылым: АНТРОПОЛОГИЯ.

5) Ертедегі адамдардың алғашқы табылған сүйегі табылған жер: ШЫҒЫС АФРИКАДА.

6) Ежелгі адамдардың алғашқы кәсібі: ТЕРІМШІЛДІК.

7) Жалпы тарихтың кезең саны: ТӨРТ.

8) Этнография дегеніміз: ХАЛЫҚТАРДЫҢ ӘДЕТ - ҒҰРЫП, САЛТ САНАСЫН ЗЕРТТЕЙТІН ҒЫЛЫМ.

9) Ежелгі дүние тарихының кезеңдері: АДАМДАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНАН БАСТАП ОРТА ҒАСЫРҒА ДЕЙІН.

10) Қазақстан жерінде қатар дамыған өркениеттер: ОТЫРЫҚШЫ ЖӘНЕ КӨШПЕЛІЛЕР ӨРКЕНИЕТІ.

11) Егіншіліктің ежелгі отаны: АЛДЫҢҒЫ АЗИЯ.

12) Археология дегеніміз: ТАРИХ НЕГІЗІНДЕ ЗАТТАЙ ДЕРЕКТЕР БОЙЫНША ЗЕРТТЕЙТІН ҒЫЛЫМ.

13) Аңшылықтың дамуынан пайда болған шаруашылықтың түрі: МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.

14) Алғашқы адамдар өлген соң жаны: « ӨЛІКТЕР ЕЛІНЕ» КЕТЕДІ ДЕП СЕНГЕН.

15) Асар дегеніміз: БІР ОТБАСЫ ШАМАСЫ КЕЛМЕЙТІН ЖҰМЫСҚА АДАМДАРДЫҢ АҚЫСЫЗ - ПҰЛСЫЗ КӨМЕКТЕСУІ.

16) Алғашқы аңшылар аң аулауға шығар алдында: АҢДАРДЫҢ СУРЕТІН САЛЫП «СИҚЫРЛАП» БИЛЕГЕН.

17) Ежелгі адамдардың үңгірдегі салған өгіз суреттерін алғаш тапқан археолог: САУТУОЛА.

18) Ежелгі суретшілердің бейнелеген негізгі көріністері: АҢ АУЛАУ СӘТІ.

19) Адамдардың ағаш пен тасты құрастырып жасаған алғашқы қару түрі: НАЙЗА.

20) Адамның ең алғашқы еңбек құралына жатады: ҮШКІР ТАЯҚША ТАС ҚҰРАЛДАР.

21) Ертедегі адамдар әр түрлі суреттерді салды: ТАСҚА.

22) Ғалымдар адамның қалыптасу процесі аяқталды деп есептейді: « САНАЛЫ АДАМНЫҢ» ПАЙДА БОЛУЫМЕН.

23) Алғашқы адамдардың ойынша әрбір адамның бойында табиғаттан тыс болатын тіршілік тетігі: РУХ.

24) Алғаш табылған суретте не бейнеленген: ӨГІЗ.

25) Алғашқы адамдардың түрлі аңдардың мүшесінің бірігуі нәтижесінде қалыптасқан жандыны ғалымдар қалай атады: ҚҰБЫЛҒЫШ БЕЙНЕ.

----------


Комментарии
avatar