Невада – Семей қозғалысы. Семей полигонының жабылуы
21.04.2015 1758 0.0 0
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,
Есік гуманитарлық - экономикалық колледжінің
тарих пәнінің оқытушысы Балташева Б.Б.

Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Невада – Семей қозғалысы. Семей полигонының жабылуы.
Сабақтың мақсаты: Семей полигонының зардаптарының шығу тарихы, зерттелуі туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Ауаның, судың және жердің ластануы адам өміріне қауіпті екеніне назарларын аудара отырып, қоршаған ортаны қорғаудың қажеттілігін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, алған білімдерін жетілдіру, сабақ барысында белсенділік, шапшаңдық танытуға дағдыландыру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелей отырып, өздерін қоршаған әлемді қорғауға ат салысуына ықпал ету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс – тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ – жауап, интерактивті технологияларды қолдану, «математикалық қобдиша», аудио сұрақтар.
Пән аралық байланыс: География, математика.
Көрнекілік пен құрал – жабдықтар: Интерактивті тақта, суреттер, бейне сюжет, карта.

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақ – жауап арқылы өткенді қорытындылау.

III. Білімдерін жан – жақты тексеру:
Математикалық қобдиша.
1) (550 /2)*4=? 3) 25*75+95 =?
2) 1млн /2*4=? 4) 36/2+8 =?

IV. Жаңа сабақты меңгертуге дайындық:
Сабақтың тақырыбын жазғызып, мақсатымен таныстыру.

V. Жаңа сабақты меңгерту.
1. Семей полигоны
2. Семей полигонының инфрақұрылымы.
3. Семей полигонының алғашқы жүргізілуі.
4. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері.
5. Невада – Семей қозғалысы.

Тірек ұғымдары:
1. Ядролық қару – жаппай қырып жою қаруы.
2. Атом бомбасы – авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш ядролық бөліну реакциясына негізделген.

VI. Жаңа сабақты бекіту.
Аудио сұрақтар. Интерактивті тақтаны пайдаланып, ұяшықтарды таңдау.
1) Қазақстан аумағындағы Семей полигонына ядролық сынаққа қанша га, жер бөлінді?
2) Семей полигонында өткізілген әр бір ядролық сынақтың құны қанша болды?
3) Семей ядролық полигонының тәжірибелік алаңдарында қанша ядролық жарылыс болды?
4) Дегелең тауының жер асты шахталарында жалпы саны 340 жарылыс болды. Бұл арада жыл сайын жыл сайын қанша ядролық сынақ жүргізілді?

VII. Сабақты қорытындылау.
Графопроектордан «Атом» деген сөзден әріп таңдау арқылы құпия сұрақтарға жауап беру.
VIII. Үйге тапсырма беру, бағалау кезеңі.
Қазіргі заманғы экологиялық проблемалар.
Мысалы:
1. Атмосфераның ластануы.
2. Байқоңыр ғарыш аймағының қоршаған ортаға әсері.
3. Каспий теңізінің экологиялық жағдайы туралы материалдар қарастыру.
----------


Комментарии
avatar