Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
21.04.2015 1519 0.0 0
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Жаңажол орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Абдуллина Шара

Сабақтың тақырыбы: Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Сабақтың мақсаты:
1. Тәуке ханның қазақ хандығының тарихында тәжірибелі қолбасшы, білікті саясатшы, тұлға ретінде қалыптасуы, оның қазақ елі үшін жасаған игі істері туралы мағлұмат беру;
2. Оқушыларды жүйелі түрде ойлауға, топ болып жұмыс жасауға дағдыландыру;
3. Тәуке ханның өз еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігін көрсету;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтастыру, картамен жұмыс, тірек сыба құру, сөзжұмбақ шешу;
Көрнекіліктер: Қазақстан картасы, Тәуке ханның «Жеті жарғысы», плакаттар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа деген зейінін бұру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сынып оқушыларын топтарға бөлу.
1 - топтың сұрақтары:
1. Тәуекел хан қай қаланың түбінде қайтыс болды? /Бұхара қаласы/
2. Есім сұлтанның Тәуекелге қандай туыстық жақындығы болды? /інісі/
3. Есім хан кімдерден қолдау тапты? / әскер мен қазақ сұлтандарынан/
4. Есім хан тұсындағы ел астанасы? /Түркістан/
5. Тұрсын өзін қай қаланың тәуелсіз ханы деп жариялады? /Ташкент/
6. Қазақ хандығының бытыраңқылығын өз пайдасына шешкен хан кім? /Бұхар ханы/
7. Есім хан Бұхар ханымен қай жылы келісімге келді? /1611 жыл/

2 - топтың сұрақтары:
Моғол хандығы мен Қазақ хандығының арасындағы одақтық қатынастар қай ғасырда орнады? /ХVІІ - ғасырда/
1. Есім хан қай жылы кімдерге қарсы жорыққа аттанды? /1627 жылы, қалмақтарға қарсы/
2. Есім жорықта жүргенде Түркістанда қандай жағдай орын алды? / Тұрсын хан Түркістанға шабуыл жасады /
3. Елдің жағдайы қандай болды? /Көп адам қырғынға ұшырап, балалар мен аналар тұтқынға түсті/
4. Есім хан Тұрсын ханмен бірге қай руды жазалады?/Қатаған руын/
5. Бұл оқиға тарихта қандай атпен белгілі болды? /Қатаған қырғыны/
6. Есім ханның Тұрсын ханды жазалауын қай жыраудың өлеңдерінен көрініс тапты?/Марғасқа жырау/
7. Моғол хандығында Есім ханның жақтасы болған кім? /Әбд - ар - Рахым хан/

3 - топтың сұрақтары:
1.«Қасым ханның қасқа жолы» кімнің заңдар жинағы еді? /Қасым хан/
2. Қасым ханның заңдар жинағын ел басқару ісінде тиімді пайдаланған хан? /Есім хан/
3. «Сенен бұрын жеті ханды жебедім, кешегі Еңсегей бойлы ер Есімді де білемін» деген жолдарды айтқан кім еді? /Бұхар жырау/
4. «Еңсегей бойлы Ер Есім» деп Есім ханды дәріптеген қазақ шежірешісі /Құрбанғали Халид/
5. Қай ханның қызыл туы Есімнің қолында қалған? /Ұрыс хан/
6. «Есім ханның ескі жолы» қандай мәселелер қаралды? /Қоныс - тұрақ, мал - мүлік, даулы мәселелер /
7. Жаугершілік заманында Есім ханға қандай баға берілді? /ірі қайраткер/

Үй тапсырмасын қорытындылау. Топтар «Есім ханның елі үшін еңбегі» тақырыбында ассоциациялар құру;
Картамен жұмыс
1. Есім хан билік құрған аймақтар?
2. Тұрсын хан билік құрған аймақ?
3. Есім хан қай жерлермен бейбітшілік қарым – қатынас орнатты?
4. Қалмақтар Қазақстанның қай жерлеріне енді?
Жаңа сабақ жоспары:
1. Тәукенің хан болу қарсаңындағы Қазақ хандығының саяси жағдайы.
2. Тәукенің хан тағына отыруы және хандықтың ішкі - сыртқы жағдайы
3. «Жеті жарғы» заңдар жинағы
Әр топқа тапсырмалар бөлініп беріледі, дайындалуға 8 - 10 минут уақыт белгіленеді, оқушылар берілген уақытта дайындалып, өз тапсырмаларын тірек - сызбалармен қорғайды.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Тәуке ханның ел билеген жылдары?
2.«Жеті жарғы» деген не? Ол қоғамның қандай мәселелерін шешті?
3. Тәуке хан тұсында жасалған заңдар жинағы?
Бағалау.
----------


Комментарии
avatar