Үй жануарлары
24.02.2015 2689 0.0 0
Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы,
Мамай ауылы «Аманкелді атындағы орта мектебі» КММ.
Шағын орталық тобының тәрбиешісі
Мухаметкалиева Гульнар Кумарбековна
Тақырыбы:Үй жануарлары
Мақсаты: Үй жануарлары,төлдері туралы білімдерін кеңейту. Үй жануарларының,төлдерінің атын дұрыс айтуға үйрету
Күтіп баптауға,қорғап,қамқорлық жасауға тәрбиелеу
Ұйымдастыру
-Балалар, таңертең көзімізді ашып оянғанда терезеге қарасақ,ең алдымен біз нені көреміз?
-Күнді
-Дұрыс, күнді,күннің шуағын,нұрын көреміз
-Олай болса,бүгін бізге келген қонақ апайларымызға жылы лебіздерімізді білдірейік
Жылулық шеңбері
Күннің көзі ашылып,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой!
Ал,канекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге
-Сәлеметсіздер ме апайлар?

-Ал балалар бір-біріміздің қолымызды ұстап, алақанымызбен жүрек жылуын сезінейікші
-Балалар бүгінгі оқу іс- әрекетіміз ерекше болмақ.
Себебі, сендер жұмбақ жасыру арқылы,қандай тақырыпта әңгімелейтінімізді табатын боласындар
Жұмбақ жасыру:
1. Өзі ірі жануар 2. Басында мүйізі бар
Үстінде екі тауы бар Үстінде киізі,
Ол не? (Түйе) Ол не? (Сиыр)

3.Аласа ғана бойы бар, 4. Басында екі таяғы бар,төрт аяғы бар
Айналдыра киген тоны бар Адам деуге болмайды,сақалы тағы бар
Ол не? (Қой) (Ешкі
-Балалар жануарлар екі топқа бөлінеді. Үй жануарлары және жабайы жануарлар.
Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз үй жануарлары туралы
Үй жануарлары үйде мекен етеді. Жем,шөп жейді.
Мынау сиыр, ол бізге сүт береді, сүтінен қаймақ, айран,құрт жасалады.

Мынау жылқы, халқымыз жылқы малын керемет бағалаған. Мінсе-көлік,ішсе сүт,қымыз, жесе еті-тамақ
Мынау – түйе, онын дене құрылысы ерекше,оның жүні өте пайдалы
Мынау –қой, етін жейміз,сүтін ішеміз,жүнінен әртүрлі киімдер тоқылады
Мынау –ешкі,етін жейміз,сүтін ішеміз,жүнін пайдаланамыз.Ешкінің жүнінен шәлі тоқиды.
Үй жануарлары өте пайдала екен.
Сергіту сәті: Жаңбыр ,жаңбыр жауасын...
Дидактикалық ойын: «Не артық?»
-Ал балалар ,апайларымызға тақпақтарымызды айтып берейік
Жансұлу:
Қара көзін мөлдіреп
Қызықтырмай қоймайды.
Жібек жүннің үлбіреп,
Қарасам, көзім тоймайды
Аянат:
Айналайын,қозым,
Малдан жуас бозым.
Көтерілсең бетке,
Тойынасың көпке
Диас:
Жалт-жұлт етіп лақ,
Жағалайсын бұлақ.
Секірем деп бірақ,
Қала көрме құлап
Бекарыс:
Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан
Екі өркешін қом басқан,
Төрт аяғын тең басқан
Салима: Ешкі қойды бастаған,
Қойды артына тастаған.
Ешкі деген жануар,
Сойса қаны қалақтай
Сауса сүті бұлақтай.
Санжар:
Құлыншағым,құндызым,
Құлдырайды ,шабады.
Жылтылдаған жұлдызым,
Құстай қанат қағады.
Дидактикалық ойын: «Төлдерін табыстыр»

Қорытынды: -Балалар , аналарың сендерді қалай еркелетеді?
-Балалар, үй жануарлары қалай дыбыстайды?
Дид.ойын: «Не қалай дыбыстайды?»
Қой маңырайды, мә,мә
Сиыр мөңірейді, мө,мө
Жылқы кісінейді, ио,ио
Түйе боздайды, бө,бө
Ешкі бақырады, бе,бе.
----------


Комментарии
avatar