Қазақстан Республикасының Конституциясы
11.09.2018 1008 0.0 0

ҚР Конституциясы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасын және судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен кім сайлайды?

 Сенат және Мәжіліс

 Мәжіліс

 Сенат 

Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын қанша депутаттан тұрады?

 жүз жеті депутаттан

 тоқсан жеті депутаттан

 жүз екі депутаттан 

Қазақстан Республикасындағы меншік түрі:

 мемлекеттік меншік пен жеке меншік

 тек жеке меншік

 тек мемлекеттік меншік 

Шетелдік діни бірлестіктердің Республика аумағындағы қызметі, сондай-ақ шетелдік діни орталықтардың Республикадағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауы кіммен келісу арқылы жүзеге асырылады?

 Республиканың тиісті мемлекеттік органдарымен

 Республика Президентінің

 Республика Үкіметінің 

Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі:

 бес жыл

 алты жыл

 төрт жыл

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі қанша мүшеден тұрады?

 бес мүшеден

 жеті мүшеден

 алты мүшеден 

Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен кім құрады?

 Қазақстан Республикасының Парламенті

 Қазақстан Республикасының Президенті

 Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты 

Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы:

 атқарушы органдар

 халық

 Президент 

Республика Президенті болып кім сайлана алады?

тумасынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы 

тумасынан Республика азаматы болып табылатын қырық бес жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда соңғы жиырма жыл бойы тұратын Республика азаматы 

тумасынан Республика азаматы болып табылатын отыз жасқа толған, мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгерген әрі Қазақстанда соңғы он жыл бойы тұратын Республика азаматы  

Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі:

 төрт жыл

 алты жыл

 бес жыл 

Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы қанша мерзімге сайлайды?

 алты жыл мерзімге

 төрт жыл мерзімге

 бес жыл мерзімге 

Конституциялық Кеңестің Төрағасын кім тағайындайды?

 Парламент Сенаты

 Парламент Мәжілісі

 Республиканың Президенті 

Мәжілістің тоғыз депутатын кім сайлайды?

 Қазақстан халқы Ассамблеясы

 Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты

 Қазақстан Республикасының Президенті 

Бас Прокурор өкілеттігінің мерзімі:

 төрт жыл

 бес жыл 

 алты жыл 

Мемлекеттік органдарда партия ұйымдарын құруға:

 тек заңда көрсетілген жағдайларда ғана жол берілмейді

 жол беріледі

 жол берілмейді 

Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға:

 тек заңда көрсетілген жағдайларда ғана жол берілмейді

 жол берілмейді

 жол беріледі 

Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары:

 атқарушы органы

 билік органы

 өкілді органы 

Парламенттің депутаты кімге ант береді?

 Парламент Палаталарының Төрағаларына

 Қазақстан халқына

 Республика Президентіне 

Қазақстан Республикасының Президенті Конституция мен заңдар негізінде және оларды орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар қандай актілер шығарады?

өкімдер мен бұйрықтар

жарлықтар мен өкімдер

қаулылар мен шешімдер

ҚР КЗ «ҚР Президенті туралы»

Республика Президентiнiң мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгi:

 Үкiмет немесе оның кез келген мүшесi мәлiмдеген орнынан түсудi он күн мерзiм iшінде қабылдайды немесе қабылдамай тастайды

 Парламент Сенатының келiсiмiмен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасын қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады

 Парламенттiң қарауына Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы жоба беруге хақылы

 Республиканың экс-Президенттерi құқығы жөнiнде өмiр бойы қайда мүше болып табылады?

 Орталық сайлау комиссиясында

 Республика Конституциялық Кеңесiнде

 Парламент Сенатында

Республика Президентiне жыл сайын қанша күнтiзбелiк күн мерзiмiне ақылы еңбек демалысы берiледi?

 қырық бес

 отыз бес

 отыз

Республика Президентiнiң Орталық сайлау комиссиясына қатысты өкiлеттiгi:

 Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін тағайындайды

 Конституциялық Кеңестiң шешiмiне толық немесе оның бiр бөлiгiнде қарсылықтар енгiзедi

 Парламент Сенатының келiсiмiмен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасын қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады 

Нормативтiк сипаты жоқ Президент актiлерi, егер Президент өзгеше белгiлемесе, қай уақытта күшiне енедi?

 оларға қол қойылған күннен кейін он күн ішінде

 оларға қол қойылған күннен бастап бір ай ішінде

 оларға қол қойылған сәттен бастап 

Республика Президентiнiң Үкiметке қатысты өкiлеттiгi:

 заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісінің қарауына заңнамалық актілер жобаларын өзінің арнайы жолдауымен енгізеді

 Республика Үкіметі мен Премьер-Министрі актiлерiнiң күшiн жояды не толық немесе iшiнара тоқтата тұрады

 Конституциялық Кеңестiң шешiмiне толық немесе оның бiр бөлiгiнде қарсылықтар енгiзедi 

Президентке Қазақстан Республикасы Президентiнiң куәлiгiн, омырауға тағатын белгiсiн, байрағын және "Алтын қыран" орденiн кім тапсырады?

 Республика Парламенті Сенатының Төрағасы

 Конституциялық Кеңестің Төрағасы

 Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы 

Республика Президентiнiң Парламентке қатысты өкiлеттiгi:

 Парламент Мәжілісінің келiсiмiмен Республиканың Премьер-Министрiн қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады

 Парламент Сенатының келiсiмiмен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасын қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады

 сайлау нәтижелерi жариялаған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей Парламенттiң бiрiншi сессиясын шақырады 

Республика Президентінің ант беруі қашан өткізіледі?

 қаңтардың екінші жұмасында

 қаңтардың екінші сәрсенбісінде

 қаңтардың бірінші сәрсенбісінде 

Омырауға тағатын белгiнiң сипаттамасын кім анықтайды?

 Президент Әкімшілігі

 Конституциялық Кеңес

 Орталық сайлау комиссиясы 

Республика Президентiнiң Ұлттық Банкке қатысты өкiлеттiгi:

 әр тоқсанда кемiнде бiр рет Ұлттық Банк Төрағасының Республика Ұлттық Банкiнiң жұмысы туралы есебiн тыңдайды

 Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін тағайындайды

 Үкiмет немесе оның кез келген мүшесi мәлiмдеген орнынан түсудi он күн мерзiм iшінде қабылдайды немесе қабылдамай тастайды 

Республика Президентiнiң соттарға және судьяларға қатысты өкiлеттігі:

 Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады

 әр тоқсанда кемiнде бiр рет Ұлттық Банк Төрағасының Республика Ұлттық Банкiнiң жұмысы туралы есебiн тыңдайды

 әр тоқсанда кемiнде бiр рет Бас Прокурордың елдегi заңдылықтың жай-күйi туралы есебiн тыңдайды 

Республика Президентін сайлау мерзімі:

 алты жыл

 бес жыл

 төрт жыл 

Республика Президентiнiң әкiмдерге қатысты өкiлеттiгi:

 өз құзыретiндегi мәселелер бойынша әкiмдерге тапсырмалар бередi және олардың орындалуы жөнiнде әкiмдердiң есебiн тыңдайды

 Үкiмет немесе оның кез келген мүшесi мәлiмдеген орнынан түсудi он күн мерзiм iшінде қабылдайды немесе қабылдамай тастайды

 Конституциялық Кеңестiң шешiмiне толық немесе оның бiр бөлiгiнде қарсылықтар енгiзедi 

Арнайы байланыс құралдарымен қамтамасыз етудi кім жүзеге асырады?

 Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

 Республика Президентiнiң Күзет қызметi

 Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы 

Республика Президентiнiң Конституциялық Кеңеске қатысты өкiлеттiгi:

 Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін тағайындайды

 Конституциялық Кеңестiң шешiмiне толық немесе оның бiр бөлiгiнде қарсылықтар енгiзедi

 Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады 

Республика Президентiнiң прокуратура органдарына қатысты өкiлеттiгi:

 Бас Прокурордың ұсынысы бойынша Республика Бас Прокурорының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады

 Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы Ереженi бекiтедi

 облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкiмдерi актiлерiнiң күшiн жояды не толық немесе iшiнара тоқтата тұрады 

Республика Президентi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар қандай актілер шығарады:

 қаулылар мен шешімдер

 заңдар мен қаулылар

 жарлықтар мен өкiмдер 

Республика Президентiнiң Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне қатысты өкiлеттiгi:

 әр тоқсанда кемiнде бiр рет Бас Прокурордың елдегi заңдылықтың жай-күйi туралы есебiн тыңдайды

 Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы Ереженi бекiтедi

 Парламент Сенатының келiсiмiмен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасын қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады 

Байрақтың сипаттамасын, омырауға тағатын белгi мен байрақты ресми пайдалану тәртiбiн кім белгiлейдi?

 Орталық сайлау комиссиясы

 Республика Президенті

 Республика Парламенті

----------


Комментарии
avatar